Ақтөбе облысында үш бала суға кетіп, оларды құтқармақ болған ер-азамат та ажал құшты
Ақтөбе облысында үйрекке қызыққан үш бала өзенге батып кетті. Қос құлыны мен туысының бір баласын құтқармақшы болған 39 жастағы азамат та суға тұншығып ажал құшты.
Автор: Жаңалық Ахаш
05.08.2024
Марқұм екі баласымен Атыраудан Әйтеке би ауданындағы Жүргенов ауылына қонаққа келген. Ертесіне түс ауа балаларымен бірге жақынының қызын ертіп суға түсуге барады. Жағалауда жүзіп жүрген үйрекке қызыққан балалар өзенге тұра ұмтылыпты. Сол бойда жел тұрып оларды тереңге қарай алып кеткен. Құтқармақшы болған атыраулық та суға кетті. Олардың денесін өзеннен ауыл болып іздеп, ақыры Ақтөбеден сүңгуірлерді шақыртқан. Сол күні үш сағат ішінде үш баланың да, 39 жастағы азаматтың да денесі табылды. Үш ай ішінде Ақтөбе облысында 11 адам суға кетіпті. Олардың бесеуі — бала.
Иса Байтұрсынов, Ақтөбе облысы ТЖД басқарма бастығы:
— Үш бала үйректердің жүзіп жүргенін көреді. Сол үйректерге жүгіріп кетеді де, үш бала суға бата бастайды. Оны көрген 1985 жылы туған Атырау облысының азаматы құтқаруға жүгіреді, өкінішке қарай, құтқарамын деп, өзі де суға кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!