{metadescription}
Шымкенттік тұрғын жүкті әйелі мен үш айлық сәбиін сабап, ауруханаға түсірді
Шымкенттік тұрғын жүкті әйелі мен үш айлық сәбиін сабап, ауруханаға түсірді

Шымкенттік тұрғын жүкті әйелі мен үш айлық сәбиін сабап, ауруханаға түсірді

Шымкенттің 53 жастағы тұрғыны әйелі мен үш айлық сәбиін сабап, ауруханаға түсірді. Күйеуінің қолы батқан жас келіншек есін жиып, бөлімшеге ауыстырылса, ал нәресте әлі жансақтау бөлімінде жатыр.

 Бала үш айлық, күйеуі ұрып тастаған, әйелімен бірге қосып, әйелінің көзінің астын жыртып жіберген.

Көзі көгеріп, миы шайқалған 23 жастағы келіншек Шымкенттің №1 ауруханаға таныстарымен бірге келіпті. Әуелде кімнен таяқ жегенін жасырып, кейін жанындағы таныстары шақалақ қыздың да көгерген жерін көрсеткен соң, дереу полицияға хабар берген. Қамауға алынған азаматтың өз жақындарына жұдырық сілтеуіне не түрткі болғаны анықталып жатыр. Ал миы шайқалған анасы мен қызы әзірге екі ауруханада жатыр. 12 апталық жүктілігі бар әйел өз-өзіне келген соң, клиникалық балалар ауруханасында жатқан тұңғышының жанына ауыстырылады дейді дәрігерлер.

Бақытжан Абдуллаев, Шымкент денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Әйелде басының жабық жарақаты, миы шайқалған. 12 апталық жүктілігі бар. Балада да осындай жағдай, яғни ол қазір балалар клиникалық ауруханасында жатыр. Онда да қойылған диагноз бас жарақаты, сонымен қатар денесі көгерген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде