{metadescription}
Балқашта көппәтерлі үй түгі қалмай өртеніп кетті
Балқашта көппәтерлі үй түгі қалмай өртеніп кетті

Балқашта көппәтерлі үй түгі қалмай өртеніп кетті

Балқаш қаласында көппәтерлі тұрғын үйде өрт шығып, баспана түгі қалмай өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ, бірақ онда күнелткен сегіз отбасы далада қалды.

Тілсіз жау жұрт шырт ұйқыда жатқан таңғы сағат төрт шамасында тұтаныпты. Өртті байқап қалғандар көршілерін оятып, бәрі далаға қашып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Ал ырық бермей кеткен жалынмен өрт сөндірушілер екі сағат арпалысқанымен, баспананың 700 шаршы метрі күлге айналды. Үйді ұзын саны 30-ға жуық адам паналаған. Қазір олар қаладағы мектеп интернаты ғимаратына орналастырылды. Қала билігі оларды мемлекет меншігінде тұрған үйлерге жалдамалы жүйе бойынша қоныстандырамыз деп отыр. 

Руслан Сыздықов, Балқаш қаласы әкімінің орынбасары:

Барлық тұрғынға бірінші медициналық, психологиялық көмек көрсетілді. Қаланың кәсіпкерлері мен волонтерлері тиісті қор құрылды. Барлық тұрғынды киім-кешекпен, тамақпен толық жабдықтадық. Тұрғындарды уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде