Үш бірдей ірі есірткі зертханасының көзі жойылды
Елімізде бірден үш ірі есірткі зертханасының көзі жойылды. Астана мен Алматыдағы арнайы операцияны Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция және прокуратура қызметкерлері бірлесе жүргізген. Ресми мәліметке сәйкес, тәркіленген нашаның қара нарықтағы құны 2 миллиард теңгеден асады.
Автор: Мерей Қалиасқар
05.08.2024
Тінткен кезде 93 келіден асатын синтетикалық есірткі, 70 литр мефедрон, бірнеше прекурсор мен зертхана жабдықтары табылып, тәркіленді. Есірткі бизнесін жолға қойған сегіз Қазақстан азаматы ұсталды. Енді олардың сыбайластары да іздестіріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары