Үндістанда қатты нөсерден ғибадатхана опырылып, тоғыз бала көз жұмды
Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында қатты нөсерден ғибадатхананың қабырғасы опырылып құлап, тоғыз бала ажал құшып, бірнеше адам жараланған.
Автор: Ақтоты Жұмабек
05.08.2024
Оқыс оқиға діни рәсім кезінде болған. Қалың қауым құлшылық етуге жиналған кезде ғибадатхананың жанындағы үйдің қабырғасы құлаған. Төтенше жағдайда екі бала оқиға орнында қайтыс болса, тағы жетеуі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Жапа шеккендердің арасында жағдайы ауыр науқастар да бар. Олар ауруханада емделіп жатыр. Соңғы аптада болған толассыз жаңбырдан Үндістанның түрлі аймағындағы ғимарат, жолдар мен көпірлерді су басқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!