{metadescription}
Италияда Этна жанартауы Сицилия аспанына от пен күл шашып жатыр
Италияда Этна жанартауы Сицилия аспанына от пен күл шашып жатыр

Италияда Этна жанартауы Сицилия аспанына от пен күл шашып жатыр

Италияда Этна жанартауы қайта оянып, Сицилия аспанына от пен күл шашып жатыр. Жанартаудан атқылаған күл аралас қою түтіннің биіктігі теңіз деңгейінен шамамен 4 жарым мың метрге дейін көтерілген.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, күл бүкіл аумақты басып қалған. Сицилия аралында қауіп туралы дабыл қағылып, Катания әуежайында рейстер кейінге шегерілді. Ал жергілікті тұрғындарға аса сақ болуға ескерту жасалды. Жиі қайталанатын табиғаттың ерекше құбылысы төңірегінде тіршілік ететін адамдарға қауіп төндіруі мүмкін. Әзірге одан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Айта кетейік, Этна Еуропадағы ең белсенді жанартаулардың бірі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде