{metadescription}
Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысында президент тапсырмаларының орындалуын пысықтады
Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысында президент тапсырмаларының орындалуын пысықтады

Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысында президент тапсырмаларының орындалуын пысықтады

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысындағы президент тапсырмаларының орындалуын пысықтады. Батыс аймаққа барған жұмыс сапарында ол Ақтау мен Жаңаөзеннің инженер және инфрақұрылым нысандарын аралап көрді.

Үкімет алдағы үш жылда Маңғыстау облысында жүзден астам жобаны аяқтауды жоспарлап отыр. Олардың басым көпшілігі өңірдегі өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Оның ішінде тамақ өнеркәсібін дамытып, халықты 100 пайыз ауызсумен қамтамасыз ету, жылу желілерін тоздырмай, уақтылы жаңалау, интернет сапасын арттыру көзделген.

Сондай-ақ әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлінбек. Аудандардағы және қаладағы тозығы жеткен жол сапасы да назардан тыс қалмады. Жұмыс сапарының қорытынды отырысында вице-премьер жауаптыларға әлеуметтік-экономикалық дамудың шұғыл шаралар жоспарына толықтырулар енгізу үшін бір апта уақыт берді. 

Қанат Бозымбаев, ҚР премьер-министрінің орынбасары

Мемлекеттік органдар ұлттық экономика министрлігіне Маңғыстау облысын дамыту жөнінде қосымша ұсыныстарды, энергетика министрлігі мұнай өндіру, электр энергетикасын қатысты ұсыныстарды енгізсін. Құрылыс министрлігі өңірдегі инженерлік инфрақұрылымды жақсарту, сондай-ақ сумен жабдықтауға, жылу желілерін кәріз жүйесіне қатысты пәрменді шараларды тез арада тапсырыңыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде