{metadescription}
Ақмола облысы: Жаңақимадағы апатты көпір шабындық науқанын тоқтатты
Ақмола облысы: Жаңақимадағы апатты көпір шабындық науқанын тоқтатты

Ақмола облысы: Жаңақимадағы апатты көпір шабындық науқанын тоқтатты

Ақмола облысындағы Жаңақима ауылының тұрғындары шабындық науқаны кезінде көпірден шөбін өткізе алмай әуреге түсуде. Өйткені әбден ескіріп дал-дұлы шыққан өткелді Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты тексеріп, апатты деп тапқан. 80-жылдары тұрғызылған алып көпірді төрт айдан бері полиция күзетіп тұр. Әзірге тек жеңіл көліктердің өтуіне ғана рұқсат бар. Оның өзі амалсыздан. Өйткені көпірдің арғы бетінде бес бірдей елді мекен бар.

Ортасынан бетоны қақ айрылса да, көпірмен арғы беттегі ауылдардан 340 адам көлікпен әрлі-берлі өтіп жүр. Жүк көлігіне рұқсат жоқ. Полиция күні-түні қас қақпай күзетіп тұр. Бұл әсіресе, малымен жан бағатын 2,5 мың тұрғыны бар Жаңақиманың тұрғындарына ауыр тиіп тұр. Жаңбырлы жазда шөп бітік өсті деп қуанғанымен, шабындықтағы шабылған шөбін жеткізе алмай сабылып жүр.

Сергей Марченко:

Алда орақ науқаны. Бұл көпірдің арғы жағында 100 мың гектардан аса егістік алқап бар. Астықты қалай өткіземіз? Қазірдің өзінде шабылған шөп далада жатыр.

Тұрғындар негізгі көпір бұзылғаннан кейін, балама жол іздеген басшыларға ескі сүрлеу жолды сілтемек болған. Бірақ әкім‑қаралар Есіл өзенін жара, суды тежеп өз бетінше өткел тұрғызуға кірісіпті. Екпіндеп аққан өзен суы бірнеше құбыр салынса да, асып-тасып шабындыққа жайылған.

Бахтияр Қасенов, Жақсы ауданы әкімінің орынбасары:

Бұл көпірді біз еш рұқсат құжатынсыз салып жатырмыз. Өйтпеске амалымыз болмады. Үлкен көпір апатты жағдайда. Біз жаңа өткелді шаруашылық құрылымдары басшыларымен бірлесіп тұрғызып жатырмыз. Көнекөз қариялардың айтуынша, ертеде осы жерде өткел болыпты.

Бір қызығы, өткелге қажет қиыршық тасты алу үшін ауыл шетінен карьер де ашып алған. Осы көпір тұрғызылса, тұрғындарға қырау түспей, мал азығын толық тасып алуға мүмкіндік болады.

Қима ауылы жанынан өтетін Ақмола өңіріндегі ұзындығы 300 метр ұзын көпір. Қазір бетон көпірдің «бел омыртқасы» үзіліп, қирап тұр. Бұл нысанның арғы бетінде бес бірдей елді мекен жатыр. Күн сайын олар амалсыздан осы жерден «жанын шүберекке түйіп» өтуге мәжбүр.

Ал көпірді жөндеу үшін сметалық жобалау құжатын әзірлеуге бюджеттен 44 миллион теңге бөлінген. Құжаттары әзір болса, келер жылы байқау жарияланбақ. Яғни бұл құрылыс келер жылы да басталмай қалуы бек мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде