{metadescription}
Ақтөбе шетіндегі Ақжарда 20 жыл бойы жол мәселесі шешілмеген
Ақтөбе шетіндегі Ақжарда 20 жыл бойы жол мәселесі шешілмеген

Ақтөбе шетіндегі Ақжарда 20 жыл бойы жол мәселесі шешілмеген

Ақтөбе шетіндегі Ақжар ауылының тұрғындары 20 жыл бойы жол мәселесі шешілмегеніне өкпелі. «Облыс орталығында тұрсақ та, асфальт төселмеген қара жолдан шаршадық» деп отыр. Дегенмен ауылдағы барлық көшенің жолын салуға жоба құжаттары дайын. Бірақ шенеуніктер жылына бірер көшеден қамтымасақ, барлығын бір мезетте салуға ақша жоқ деп ақталады.

Ақтөбе іргесіндегі Ақжар-2 елді мекенінде он мыңға тарта шаңырақ бар. Осындағы алпыс төрт көшенің тек орталық үш көшесіне ғана кезінде, он жылдай бұрын асфальт төселген. Одан соң жергілікті билік жол жөндеу мен тас төсеуді ұмытты деп ашынады тұрғындар.

Таң атысымен мектеп жанына жиналған ақжарлықтардың айтары көп. Басты мәселе жол. Көктем мен күзде батпаққа батып, қатынас қиындайды деп отыр. Облыс орталығының тұрғыны деген атымыз болмаса, шалғайдағы ауылдан айырмасы жоқ деп налиды.

Есет Мұстафин:

Қай көшені қарасаң да, асфальт жоқ. Осыдан он жыл бұрын салынған асфальттан мына көшеде төмен қарай бар. Біз сонда қайда қалдық?! Қалада тіркелген деп айтады, болды.

Бибігүл Қалдығұлова:

Жолымыз өте нашар. Салынбаған. 2006 жылы кірген автобустар бір көшемен айналады да, кейін қарай шығады. Қаншама халық бар, өсіп жатыр. Жолымыз да, ауылымыз да үлкен.

Ақжар-2 тұрғындарымен кездесуге келген әкімдіктегілер ауылдағы барлық жолға бір мезтте асфальт төсеу мүмкін емес деп отыр. Ол үшін 11 миллиард теңге керек. «Қазынадан мұншама қаржы табылмайды» деп ақталады. Сондықтан биыл тек үш көшенің жолын салып, қалған көшелердің жайын кейін ойламақшы.

Айдарбек Әділбекұлы, Ақтөбе ТКШ бөлімінің бас маманы:

Ақжар-2 елді мекенінде смета құжаттамалар сараптамадан өткізіліп, барлығы дайын тұр. Жоба істелінеді. Жыл соңына дейін үш көшені қамтып, жол салынатын болады және кезеңмен, қаражат көзінің бөлінуіне байланысты. Жобалалар қолға алынып жалғасын табатын болады. 

Тұрғындар үш көшенің жолының саланатанын да шүкір дейді. Тек келесі шенеуніктер айтқанынан тайқып, қайта жоламай кете ме деп қорқады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде