{metadescription}
Ақмола облысы: Ұлы мен қызын құтқармаққа ұмтылған ата-анасы да суға кетіп мерт болды
Ақмола облысы: Ұлы мен қызын құтқармаққа ұмтылған ата-анасы да суға кетіп мерт болды

Ақмола облысы: Ұлы мен қызын құтқармаққа ұмтылған ата-анасы да суға кетіп мерт болды

Ақмола облысында бүтін бір отбасы суға кетіп ажал құшты. Алдымен ұлы мен қызы, іле-шала оларды құтқармаққа ұмтылған ата-анасы да терең судан шыға алмай қалған.

Оқыс оқиға Арнасай ауылынан екі шақырым жердегі су қоймасында болды. Астаналық отбасы мұнда суға шомылып демалуға келген екен. Алғашқыда көмек сұрап жанұшыра айғайлаған қызды құтқаруға 24 жастағы ағасы ұмтылса керек. Жігіт те суға бата бастаған соң, әкесі, соңынан шешесі жүгірген. Бірін-бірі құтқара алмаған төртеуі де бақилық болды. Қайғылы жағдай бұл отбасының 19 жастағы екінші қызының көз алдында болған. Анасы мен қызының денесін жағада демалып жатқан басқа адамдар алып шығыпты. Ал әкесі мен баласын кешелі бері іздеген құтқарушылар суға кеткен екеуінің денесін бүгін ғана тапты.

Ерсайын Қойшыбаев, Ақмола облысы ТЖД ресми өкілі:

Қайғылы жағдай су қоймасында рұқсат етілмеген жерде болған. Бес адамнан тұратын отбасы Астанадан дем алуға келген екен. Төртеуі мерт болды. 19 жастағы қыз сыртқа малтып шыққан. Ол түгел отбасынан айырылды. Дем алушыларға тек рұқсат етілген жерде шомылуға кеңес береміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.