{metadescription}
Жаңа оқу маусымына әзірлік қандай және не жаңалық бар
Жаңа оқу маусымына әзірлік қандай және не жаңалық бар

Жаңа оқу маусымына әзірлік қандай және не жаңалық бар

Жаңа оқу жылына дайындық тас-түйін емес. Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарындағы 18 мектепте күрделі жөндеу жұмыстарының 30 пайызы ғана біткен. Ақтөбе облысында да білім ошақтарының жетеуінде құрылыс жұмыстары негізсіз созылып, 1-ші қыркүйекке дейін үлгермей қалу қаупі бар. Үкімет басшысы бүгін осы аймақ басшыларына шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Балалар оқу процесі басталғанға дейін таза әрі ыңғайлы кабинеттерде білім алуы керек деді деді премьер.

Биыл 370 мыңға жуық бүлдіршінге алғашқы қоңырау жексенбіге қарамастан, 1 қыркүйекте соғылады. Жаңа оқу жылына дайындық туралы баяндамасын оқу-ағарту министрі осылай бастады. Алайда елдегі білім беру инфрақұрылымының бүгінгі жай-күйі мәз емес. Аймақтарда күрделі жөндеу жүргізуді қажет етететін әлі де 1290 мектеп бар. Әсіресе Жамбыл, Павлодар, Ақмола және Түркістан облыстарында ең үлкен қажеттілік байқалады. Олқылықтың орнын толтыру үшін бұл мәселені 2027 жылға дейін шешуді жоспарлау қажет деді Ғани Бейсембаев.

Білім алуға қолайлы орта құру мақсатында 280 мектепте күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Соның 222-сі оқу жылының басына дейін аяқталуы тиіс. Десе де оның дер кезінде ашылаты күмәнді мектептердің он бесінде жұмыс тым баяу.

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы 19 білім беру нысанында да жөндеу аяқталмаған. Дегенмен оқушылар білімсіз қалмайды, деп уәде берді министр. Олар қашықтан оқытуға ауыстырылмайды, тек уақытша жақын маңдағы басқа оқу орындарына орналастырылады.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі

Біріншіден, ол көршілес тұрған мектептер. Екіншіден, сол көршілес мектеп тиісті аумақтан асып кетсе, онда көлікпен жеткізу көзделіп отыр. Үшіншіден, егер жақын жерде басқа білім беру ұйымдары болмаса, онда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру бөлімі және тағы да басқалары өзге ғимаратта уақытша оқуға рұқсат беріледі.

Мектептегі қауіпсіздік те өзекті. Биыл білім ошақтарында өртке және терроризмге қарсы шара көбейіп, дабыл түймесінің, бейнебақылау жүйесінің, турникеттердің және лицензияланған күзетке деген талап күшейтілмек. 

Ержан Сәденов, ҚР Ішкі Істер министрі:

Егер оқу орнында 700 адамнан асса, онда лицензияланған күзет ұйымдарын қатыстыру қажет. Оларда радиобайланыс құралдары, қызмет қаруы, жедел мобильді тобы болуы керек. Олармен мемлекеттік мекемелердің күзетудің 79%-ын қамтиды. Күзетшілердің көбісі қарапайым вахтер, зейнеткер, ол үлкен кісілер, көбінесе әйел азаматтар. Сондықтан кез келген адам қауіпті заттарды кедергісіз кіргізе алады.

Әдеттегідей, жаңа оқу жылы қарсаңында мемлекеттік қолдауға мұқтаж балалар материалдық және әлеуметтік көмекпен қамтылады. Бұл істі Үкімет басшысы жергілікті атқарушы органдарға тапсырды.

Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:

Биыл 500 мыңнан астам балаға 22 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты көзделген. Әкімдіктер мектеп формасы мен керек-жарақты сатып алу үшін қаражаттың ата-аналарға уақтылы жіберілуін қамтамасыз етсін.

Тағы бір маңызды бағыт – мектептегі тамақтануды ұйымдастыру және оның сапасы. 1 қыркүйектен бастап 1 млн 700 мыңнан астам оқушыны тегін тамақтандыру жоспарлануда. Алайда Атырау, Түркістан, Жамбыл облыстарының кейбір мектебінде асхана деген атымен жоқ. Олжас Бектенов бұл өңірлердің әкімдіктері тамақтану сапасын және санитария-эпидемиология қауіпсіздігін қамтамасыз етілуін ерекше бақылауға алуы тиіс екенін баса айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.