{metadescription}
Жоғары балл жинаған 10 мыңнан аса абитуриент неге грантсыз қалды
Жоғары балл жинаған 10 мыңнан аса абитуриент неге грантсыз қалды

Жоғары балл жинаған 10 мыңнан аса абитуриент неге грантсыз қалды

Сұранысы жоқ мамандықтарды таңдаған! Ғылым және жоғары білім министрі тестілеуден жоғары балл жинаған 10 мыңнан аса абитуриенттің грантсыз қалу себебін түсіндірді. Саясат Нұрбектің айтуынша, олар мемлекет басымдық беретін мамандықты таңдамаған. Грант аз бөлінетін салаға құжат тапсырған соң, тегін оқудан да құр қалыпты.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Талапкерлер ең мықты жоғары оқу орындарын таңдайды және ең үлкен талас болатын, яғни, аз грант берілетін бәсеке мамандықты таңдайды. Өкінішке қарай, бұл конкурс. Энергетика, гидрогеология, ветеринария, орман шаруашылығында мүлдем конкурс аз. Сондықтан мұқият жоспарлап, таңдауды дұрыс жасаған дұрыс.

Министр гранттан қағылған ұл-қыздардың үміт отын қайта жақты. Бұл абитуриенттердің тегін оқуға әлі де мүмкіндігі бар деді ол. Себебі, мемлекеттік гранттан бөлек, биыл қосымша тағы 10 мың грант бөлінген. Оның ішінде әкімдіктер, жұмыс берушілер, қорлар бөлетін, бұған қоса ректорлық гранттар да бар. Министрлік Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл ала тұра, ақысыз білімнен қағылғандар тізімін университет ректорларына жолдаған. Ректордан гранттар бірінші кезекте соларға беріледі. Бұған қоса мемлекеттік гранттан бас тартатындар да бар. Жылына 3 мыңдай грант қайта босап қалады екен. Абитуриенттердің оған да ие болуы әбден мүмкін.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Гранттарды беріп жатқан университеттерге осы тізімдерді біз береміз. Бірінші, балалардың ішінен таңдайды. Ең мықтыларын өздері таңдайтын болады. Екіншіден, 3 мыңға жуық босап жатқан грантты қыркүйек айында таратады. Бірақ ол автоматты түрде болады. Жүйенің ішінде. Ұлттық тестілеу орталығының, соның ішінде келесі сол мамандық бойынша грантқа талап еткен бала, грант ұтып алмаған, келесі жоғары балмен автоматты түрде грант соған берілетін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде