{metadescription}
Ақтөбе облысы: Ауруханалар өлген адамдардың атынан пайда таппақ болған 
Ақтөбе облысы: Ауруханалар өлген адамдардың атынан пайда таппақ болған 

Ақтөбе облысы: Ауруханалар өлген адамдардың атынан пайда таппақ болған 

Ақтөбе облысындағы ауруханалар тіпті өлген адамдардың атынан пайда таппақ болған. Медициналық қызмет көрсетілген науқастар тізіміне олар марқұмдарды да қосып қойыпты.

Прокурорлар Алға ауданындағы аурухана басшыларының қылығынан шошынып отыр. Былтыр шілдеде қайтыс болған тұрғынды олар үш ай ішінде құжат жүзінде қайта «тірілткен». Марқұм өз аяғымен келіп, медициналық тексеруден өтті деп көрсетіпті. Ал есепте тұрған 74 науқасқа тиісті медициналық тексеру жүргізілмеген. Жүрек, қан қысымы дертімен ауыратын 36 науқасқа тегін берілетін дәрі-дәрмек те берілмеген. Ақыры құқық қорғаушылардың тексеруінен соң ғана емделу мен тексеруден қағылағандарға көңіл бөлген.

Өркен Ещанов, Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі:

Ақтөбе облысы прокуратурасының араласуынан кейін ғана заңбұзушылықтар жойылып, жүзден астам адам қажетті дәрі-дәрмекпен және қызметпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар қайтыс болғандарға медициналық қызмет көрсету фактілері анықталды. Көрсетілген медициналық қызметтер санын асыра бағалау мақсатында бұл деректер базасына енгізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде