{metadescription}
Шымкентте әкімдік тапсырысымен үй салған жұмысшылар жалақысын ала алмай жүр
Шымкентте әкімдік тапсырысымен үй салған жұмысшылар жалақысын ала алмай жүр

Шымкентте әкімдік тапсырысымен үй салған жұмысшылар жалақысын ала алмай жүр

Шымкентте әкімдіктің тапсырысымен көпқабатты үй салған жұмысшылар жалақысын ала алмай жүр. 400-ге жуық құрылысшының алды бір жарым жыл, соңғы төрт айдан бері көк тиын көрмеген. Уәдені үйіп-төккен компания басшылары соңғы уақытта тіпті телефон көтермей қойды дейді жұмысшылар. Сондықтан наразылығын тоқтатпайды.

Үйлерді іргетасынан бастап тұрғызып, ішкі сантехникасына дейін орнатқан жұмысшылар төккен маңдай терінің ақысын ала алмай жүр. Монолитін құйғандардың жалақы күтіп жүргеніне бір жарым жыл болса, қалғаны соңғы төрт айда «соқыр тиын көрмедік» дейді.

Арман Әкімбаев, жұмысшы:

Біреуінің үйінде нансыз отыр. Кредиттерін төлей алмай, үстемақы жүріп жатыр. Оның бәрін ертең фирма төлеп бермейді ғой. Біздің талап етіп жатқанымыз  еңбекақымызды берсін. Ақшаны жұмысшыларға таратып берейік. 

«Мердігер жалақы орнына тек жалаң сөз ғана беріп келеді» дейді наразы құрылысшылар. Тіпті хабарласудан қалған. Сондықтан

400-ге тарта жұмысшы енді бірер күнде айлық берілмесе, өздері орнатқан құрылыс материалдарын бұзып, сатамыз деп отыр.

Ардақ Өтепбергенов, жұмысшы:

Кірпішін бұзсақ болады, құбырын бұзып, алып кетсек болады. Соған кеп тұрмыз, соған тақалып тұр, шынына келгенде. Енді солай айғайлатып сатамыз,басқа не істейміз?! Осы апта төлемесе, сөйтеміз енді.

Бұл үйлердің әрқайсысының құны шамамен 600 миллион тұрады екен. Тапсырыс берген Құрылыс басқармасы ақшаның бір бөлігін мердігерге беріпті. Компания енді құрылыста жіберген олқылықтарының орнын толтырса, қалған соманы аударамыз дейді.

Мақсат Иманәлиев, Шымкент құрылыс басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы:

Қазір ол кісілер жоқ. «Медина групп» деген. Бірақ бізде орындалған жұмыс бойынша актілерін бізге ұсынған. Ақша толық аударылмаған, ол кісілерге. Басшылар тарапынан келіссөздер жүргізілуде. Әкімшілік тарапынан ықпал жасалады, осы кісілердің еңбекақыларын беру бойынша. Ықпал еткенде, бастықтармен түсіндірме жүргізіп, бәрін жеткізіп, осындай жағдай орын алып жатыр, әлеуметтік шиеленіс болуы мүмкін алдын алу керек деген сияқты нәрселер айтылады.

Жұмысшылар шулаған соң салып ұрып жеткен Еңбек инспекциясы еңбек қатынастарының өрескел бұзылғанын жәйттері көп дейді. Бірақ, мердігер компаниялар Қонаев қаласы мен Алматыда тіркелген соң арыздарды қабылдап сол жаққа жібереміз деп отыр.

Бауыржан Қалжанов, Шымкент қаласы Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:

Ауызша келіссе де, ол сол жұмысқа түскен күннен бастап еңбек қатынастары туындады деген есепті білдіреді. Сондықтан қызметкерлер арасында осы соңғы айлықтарын алғаны жөнінде түбіртектері бар екен, компания атынан. Сол үшін түбіртектерді, біз арыз формаларын беріп кеттік. Соны бізге қарап жібереді.

Мердігер компанияның басшысы Алматы Мәслихатының депутаты, Алматы үстел теннисі федерациясының президенті Ералы Сауранбаевтың өзіне де, жұмыс орнына да телефон шалып, жауап ала алмадық. Сондықтан жұмысшылар өздері арызданған Еңбек инспекциясы мен прокуратураның жұмысынан нәтиже күтпек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде