Павлодар облысы: Баянауыл паркі мен Торайғыр көлінің тасты жерінде қарақұрт каптаған
Павлодар облысында аптап ыстық басталғалы қарақұрт каптады. Улы зиянкес, әсіресе Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Торайғыр көлінің тасты жерінде көп.
Автор: Ақмаржан Қайсарқызы
06.08.2024
Биыл адамдарды шағу дерегі тіркелмеген. Дегенмен улы жәндіктен қауіп қай кезде де жоғары. Жалпы бұл жағдай Баянауылда жиі байқалатын көрініс. Ұлттық парк басшылығының мәліметінше, қазір қауіпті жәндікті жою жұмыстары жүріп жатыр. Ал аудан әкімдігі тіпті табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялау мәселесін қарауда.
Динара Күншуақова, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бөлім басшысы:
— Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері және Жасыбай бөлімшесінің мемлекеттік инспекторларымен Торайғыр көлінің тасты жерлерінде қарақұртты жойып жатыр. Аудан әкімі және Торайғыр ауыл округі сол жұмысты өткізіп жатыр. Демалушылар арасына түсіндіру жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!