{metadescription}
Көшпенділер ойындарының бойтұмары — Арлан мен Ханшайым
Көшпенділер ойындарының бойтұмары — Арлан мен Ханшайым

Көшпенділер ойындарының бойтұмары — Арлан мен Ханшайым

Түркі әлемінің назарын аударған Көшпенділер ойындарының бойтұмары Арлан мен Ханшайым есімді бозбала мен бойжеткен болмақ. Бастапқыда олардың прототиптері ретінде Қазақстанмен байланысты жануарлар болуы керек еді. Алайда дизайнерлер арнайы отырыс өткізіп, нәтижесінде өзге жолды таңдады.

Ұлттық киім үлгісіндегі пластиктен жасалған кейіпкерлер көшпелі халықтардың рухын бейнелейді. Ерекше инсталляция қазірдің өзінде Астананың адам көп шоғырланған жерлерінде мен мұндалап тұр. Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарын бірден аударған бойтұмарлар көпшіліктің көңілінінен шыққан. Оны әлеуметтік желілерде таралған фотосуреттерден байқауға болады. Жалпы, халық тағатсыздана күтіп жүрген Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 33 күн қалды. Ашылу салтанаты мен барлық спорттық іс-шараға билет сатылымы бүгін ресми түрде басталды.

Серік Буксиков, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясының маркетинг бөлімінің басшысы:

Көп ойлана келе, біз өзге жолмен жүруді ұйғардық және меніңше, қызықты шешімге келдік эпостарымыз бен ертегілеріміздің кейіпкерлері. Мәселен, Ер Төстік өзінің мінезімен жалпы қазақтың, халқымыздың мәдениетін көрсете білді. Біз оны бойтұмарымызға айналдыра бастағанда, ерекше көздің жауын алатын элементтер қосып, одан сайын мықты ете түсуге тырыстық. Оның атын Арлан деп қойдық. Ал ханшайым сөзінің мағынасында инабат пен көркемдік мәні бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде