{metadescription}
Ақмола облысы: Жеті ауданда балаларды оңалту орталығы ашылмақ
Ақмола облысы: Жеті ауданда балаларды оңалту орталығы ашылмақ

Ақмола облысы: Жеті ауданда балаларды оңалту орталығы ашылмақ

Ақмола облысындағы жеті ауданда балаларды оңалту орталығы ашылмақ. Жақсы кентіндегі «Қамқорлық» стационары жылына 600 пациентті қабылдауға дайын. Сондай-ақ жыл соңына дейін соңғы үлгіде салынған спорттық сауықтыру кешені тапсырылып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 27 отбасына баспана беріледі.

Бір жарым мен 18 жасқа дейінгі нейро-ортопедиялық ауытқуы бар балаларға арналған орталық ғимаратына 43 миллион теңгеге жөндеу жасалып, 400 миллион теңгеге заманауи құрылғылар алынған.

Эльмира Нұралина, Жақсы ауданы ауруханасының бас дәрігері:

Бұл біздің ауданда бұрын-соңды болмаған жаңалық. Пациенттерді емдейтін мамандарымыз да бар. Алдағы уақытта еліміздің жоғары санатты дәрігерлерін шақырып, жас мамандарымызбен тәжірибе алмастыру жоспарда бар.

Биыл аурухана жанынан JaksyMed диагностикалық кеңес беру орталығы ашылды. Енді бес мың тұрғын Астана мен Көкшетауға сабылмайды. Сондай-ақ аудан халқына арналған спорт кешені де салынып жатыр.

Дәулет Қошығұлов, Жақсы ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

Құрылысына 1 миллиард 190 миллион бөлінген. Жақсы маңында өзен-көлдің жоқтығынан тұрғындардың 80 пайызы суда жүзе алмайды. Осы жайт ескеріліп, бұл кешенде көлемі 25х11 метр болатын үлкен бассейн де болады.

Жақсылықтар 27 пәтерлік тұрғын үйді де асыға күтіп жүр. Баспана әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына берілмек.

Запорожье ауылында да игі істер бар. Мәдениет үйіне биыл 238 миллионға күрделі жөндеу жасалған. Ал су жаңа медициналық амбулатория 2500 мың адамға қызмет көрсетеді.

Шолпан Смаилова, Запорожье ауылының тұрғыны:

Бұрын аурухана орталық жақта болды. Ескілеу болатын. Қазір үлкен, зәулім сарай салды.

Зәулім медициналық сарай салып берген жергілікті серіктестік. Сондай ақ олар ауылға жаңа жедел жәрдем көлігін сыйлапты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде