{metadescription}
Суға кетпеу үшін — Қарағанды облысында құтқарушы-жасақтар құрылған
Суға кетпеу үшін — Қарағанды облысында құтқарушы-жасақтар құрылған

Суға кетпеу үшін — Қарағанды облысында құтқарушы-жасақтар құрылған

Қарағанды облысында су жағасында демалушылар қауіпсіздігін қадағалауға құтқарушы-жасақтар жұмылдырылды. Жұмыссыз жүрген 76 адам іріктеліп, жаз шыға арнайы дайындықтан өткен. Қазір олар демалыс орындары мен жағажайларда кезекшілікте жүр.

Бір Қарағандының өзінде 21 жерде суға түсуге рұқсат жоқ. Жеті арнайы жабдықталған жағажай бар. Ал облыс бойынша төтенше жағдайлар қызметкерлеріне түсетін жүк тіпті ауыр. Шомылу маусымы басталғалы өңірде бес адам суға кетіп өлген. Биыл арнайы құрылған жасақ жқұтқарушылардың қолын ұзартып отыр. Олар жұмыссыз жүргендер қатарынан іріктеліп, суда жүзіп үйреніп, суға батқан адамды құтқаруға екі аптадай машықталған. Қазір жасақтар демалыс орындарының және коммуналдық жағажайларда кезекшілікте жүр. Қаланың жағажайында жүргендер мемлекет есебінен жалақы алса, қалғанының айлығын демалыс орындары төлейді.

Данияр Ақылбек құтқарушы:

Бәрін үйрендім, қалай құтқаруды, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді. Осыған дейін жағдайлар болды. Адамдар суға кетті. Екі күн бұрын 17-18 жастағы қызды құтқаруға көмектестім.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде