Астанада Көшпенділер ойындарына арналған жаңа мурал пайда болды — «Бүркітші»
Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған жаңа мурал пайда болды. «Бүркітші» атты ерекше сурет үлгісі оң жағалаудағы Бейбарыс Сұлтан көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің қабырғасына салынды.
Автор: Мерей Қалиасқар
07.08.2024
Муралдың биіктігі — 16 метр. Онда бүркітті аспанға самғап ұшырған бүркітші ер адам бейнеленген — бұл ойындардың басталуын білдіреді. Сондай-ақ суреттің фонында көшпелілердің көркем жерлері, көшпелі өмір мен мәдени дәстүрі көрініс тапқан. Асқақ таулар мен киіз үйлерде суреттің ажарын аша түскен.
Туынды авторлары тек қиялмен шектеліп қоймай, суреттің астынғы тұсына QR код-ты сәтті орналастырған. Оның көмегімен елорда тұрғындары мен қонақтары билет сатып алып, іс-шара туралы толық мағлұмат ала алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!