{metadescription}
Орал тұрғыны FlyArystan 4 млн тенге ауызбастырық бермек болғанын айтты
Орал тұрғыны FlyArystan 4 млн тенге ауызбастырық бермек болғанын айтты

Орал тұрғыны FlyArystan 4 млн тенге ауызбастырық бермек болғанын айтты

Төрт миллион теңге ұсынған. Орал тұрғыны FlyArystan әуе компаниясы өзіне ауызбастырық бермек болғанын мәлімдеді. Айтуынша, ақша келісімге келу үшін ұсынылған. Алайда ол миллиондардан бас тартып, FlyArystan-ды сотқа беріпті. Себебі, атышулы компания өткен айда Оралға ұшпақ болған 12 жастағы егіз қыздардың бірін рейске мінгізбей, жалғыз өзін Астана қаласының әуежайына тастап кеткен.

Жазира Мусина:

Қызым үш сағат бойы тіркеу алдында тұрған. Мұны дәлелдейтін видеокамераға түсірілген таспалар да бар. Қызым жылап, телефонмен байланыста болды. Кейін әуе компанияның өкілі келіп «менімен жүр» депті. Мен: «онымен ешқайда барма, полиция учаскісіне бар» дедім. Жасөспірім жеткіншекті жалғыз қалдыруы жауапсыздық. Қызым ертесі күні 9:15-те келесі рейспен ұшты. Бүгін таңертең Fy Arystan компаниясы кешірім сұрап, моральдық шығын ретінде 4 млн теңге көлемінде ақша ұсынды. Мен бас тарттым. Өйткені олар жауапқа тартылуға тиіс.

Отандық лоукостер 12 жастағы егіздердің біреуін ғана тіркеуден өткізден. Ал екіншісі ұшаққа сыймай қалыпты. Бірақ егіз қыздардың екеуінің де билеті бар екен. Бұл жағдайдан кейін Азаматтық авиация комитеті FlyArystan әуе компаниясына жан-жақты тексеру жүргізіпті. Сөйтіп жасөспірім қызды бөгде қалада жалғыз қалдырып кеткені үшін лоукостерге 3 миллион 600 мың теңге көлемінде айыппұл салған. Ал басы дауға қалған әуе компаниясы жасөспірімге қонақүй де, келесі күні ұшатын билет те ұсындық деп ақталып отыр. Бірақ олар бұл ұсыныстан бас тартыпты-мыс.

FlyArystan әуе компаниясы:

Жолаушының анасының құрбысы қонақүйден бас тартты және заңды өкілінің рұқсатымен баланы өзімен бірге алып кетті. Келесі күні Зере Ғалиева жетелеушісіз жолаушы бала ретінде бортсеріктердің бақылауымен Оралға ұшты. Әуе компания бұл жағдайдағы өз кінәсін толықтай мойындайды. Біз болған оқиғаға шынайы өкініш білдіреміз және бұл жағдай біздің қызмет көрсету стандарттарымызға мүлдем сай келмейтініне сендіргіміз келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде