{metadescription}
Ақтөбе: Ферроқорытпа зауытының жұмысшысына найзағай түсіп мерт болды
Ақтөбе: Ферроқорытпа зауытының жұмысшысына найзағай түсіп мерт болды

Ақтөбе: Ферроқорытпа зауытының жұмысшысына найзағай түсіп мерт болды

Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытының аумағында жұмысшыға найзағай түсіп қайтыс болды. Марқұм сол жерде экскаватор машинисі болып еңбек еткен.

36 жастағы жұмысшы жай ойнаған сәтте вагонға металл сынықтарын тиеп жатыпты. Найзағай дәл соған түсіп, ол тілге келместен көз жұмған. Оқиға орнына келген жедел жәрдемдегілер де тек азаматтың жүріп кеткенін ғана нақтылады.

Марқұм зауыт аумағындағы мердігер компанияда 16 жылдан бері жұмыс істеген. Қайғылы жағдайға байланысты тексеру, сараптама тағайындалған.

Асхат Жұмалы, Ақтөбе облысы еңбек инспекциясының инспекторы:

Жұмыс істеп жатқанда найзағай түскен. Нақты диагнозы сот-медициналық қорытындысымен анықталады. Негізі, бұрыннан істеп жатқан жұмысшы, 1988 жылы туған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.