{metadescription}
Ақтөбеде үлескерлерді алдаған директор мен инвестор сотталды
Ақтөбеде үлескерлерді алдаған директор мен инвестор сотталды

Ақтөбеде үлескерлерді алдаған директор мен инвестор сотталды

Ақтөбеде үлескерлерді алдаған құрылыс компаниясының директоры мен инвесторына қатысты сот үкімі шықты. Олар 500-ге жуық тұрғынның ақшасын қалтасына басты деп айыпталған.

«Сафина» деп аталатын тұрғын үй кооперативі осыдан бес жыл бұрын көпқабатты төрт үйдің құрылысын бастайды. Компания директоры Бауыржан Кәрімов 312 үлескерден үш миллиард теңге жинап алған. Бірақ бастаған құрылысты аяқтамай, ақшаны өзіне жаратыпты. Алаяқтыққа барғанын сотта өзі де мойындап отыр. Сол қылмысы үшін енді алты жарым жыл түрмеде отырады.

Ал оның тоқтатып қойған құрылысын екі жыл бұрын Абат Жарасханов деген кәсіпкер «жандандырамын» деп шыққан. Үлескерден тағы екі жүз миллиондай ақша жинапты. Онымен қоймай, ешкімнің рұқсатынсыз тағы қос қабат жалғап, қосымша пайда таппақ болады. Ақыры жарты жолда ол да тастап кеткен. Жарасхановты сот алты жылға бас бостандығынан айырды. Ақшамен қоса үйсіз қалған үлескерлер енді әкімдіктіктен құрылысты бітіріп беруді сұрап отыр.

Теміржан Алданов, Ақтөбе №2 сотының судьясы:

Сот Кәрімов Бауыржанды және Жарасханов Абатты ҚР ҚК 190-бабы, 4-тармағы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, Кәрімовке алты жыл сегіз ай, Жарасхановқа алты жылға бас бостандығын айыру жазасы тағайындалсын. Комерциялық және қаржылық ұйымдарда он жыл бойы басшылық қызмет атқаруға тыйым салынсын. Жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.