{metadescription}
Астанада техника тиеген трал LRT-ге соғылып, үш адам зардап шекті
Астанада техника тиеген трал LRT-ге соғылып, үш адам зардап шекті

Астанада техника тиеген трал LRT-ге соғылып, үш адам зардап шекті

Елордада арнайы техниканы тиеген трал LRT-ге соғылып, бір бөлігін қиратып тастады. Жол-көлік оқиғасы сол жағалаудағы Қабанбай батыр мен Ұлы Дала көшесінің қиылысында болды. Алып бағанадан бөлек, үш жаяу жүргінші де зардап шеккен.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға кеше түнге таяу уақытта болған. Арнайы техниканы тиеген трал жүргізушісі көліктің биіктігі мен көлемін дұрыс есептемей, жеңіл рельсті желінің конструкциясына барып соғылған. Қатты соққыдан құрылыс бөліктері жол жиегіндегі үш адамға құлап, бірнеше жерден жарақаттаған.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеуді бастады. Жол ережесін өрескел бұзғаны және адамдардың денсаулығына зақым келтіргені үшін көлік жүргізушісі жауапқа тартылуы мүмкін. Ал жаяу жүргіншілердің денсаулығына аса үлкен қауіп төніп тұрған жоқ.

Айжан Ақай, Астана денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

№1 ауруханаға үш жаяу жүргіншіні жеткізілді. 1995 жылғы қыздың оң жақ білегі көгерген, 1994 жылғы ер адамның сол жақ тобық буыны көгерген, үшіншісі, 1998 жылғы ер адамның төбесінде көгерген жара анықталды. Ауруханада травматолог және нейрохирург сияқты бейінді мамандар қарады. Тиісті медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Амбулаторияда емделінеді. Тиісті ұсыныстар берілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.