Кен орындарынан алтын мен қымбат металл ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды
Еліміздің кен орындарынан жүйелі түрде алтын мен қымбат металл ұрлап келген қылмыстық топ құрықталды. Полицейлер құрамында алтыны бар қоспаны қайта өңдеумен айналысатын 19 заңсыз цехты тапқан. Ол зауыттардан 10 тоннадан астам кен табылыпты.
Автор: Әсем Лесбек
09.08.2024
Ішкі істер министрлігінің дерегінше, биыл елімізде осындай ұйымдасқан қылмысқа қатысты 36 іс тіркеліп, 150-ден астам адам жауапқа тартылған. Ал астыртын цехтардан өңдеуге дайын тұрған он тоннадан астам алтын кені табылыпты. Қазір оларды қаржыландыру және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері тергеліп жатыр.
Полицейлер жыл басыннан бері адам саудасына да қатысты 137 қылмысты әшкерелеген.
Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы:
— Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Шымкент қаласында, Қарағанды және Қызылорда облыстарында аса қауіпті төрт қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!