{metadescription}
Атырауда қараусыз қалған көпқабатты ескі үйлер тозып жатыр
Атырауда қараусыз қалған көпқабатты ескі үйлер тозып жатыр

Атырауда қараусыз қалған көпқабатты ескі үйлер тозып жатыр

Атырауда көпқабатты ескі үйлер қараусыз қалып, одан бетер тозып жатыр. Жертөлесі суға толы, қабырғасы сөгіліп, сыз басқан үйде шетімізден сырқатпыз дейді тұрғындар. Ал шыбын-шіркей мен атжалмандардан аяқ сүрінеді.

Максим Дәйкиев:

Балалар ауырады. Себебі ылғал. Жертөле суға толып тұр. Үй-ішінде ылғалдан маса, көртышқан қаптады.

Рауза Сүлейменова:

Жертөле ылғал болған соң, үйде қысы-жазы масадан арылмаймыз. Масаханада жатамыз. Қазір менің үйіме барсаңыз, үш бөлмеде үш масахана тұр.

Жауын жауса, шатырынан су ағып берекеті қашатын жұрт әкімнің табалдырығын талай тоздырған. Бірақ 50 жыл болған үйді жөндеу жергілікті биліктің құзыретіне жатпайды дейді шенеуніктер. Өйткені «Тұрғын үй қатынастары» заңы бойынша тұрғындар үйді күтіп ұстауға өзі жауапты. Өз қаражатына жөндеуге, не пәтер иелері коперативін құруғы тиіс екен.

Жасұлан Мұқашов, Атырау ТКШ және тұрғын үй инспекциясы сектор меңгерушісі:

Ортақ мүлік екені жазылған. Үйдің шатыры, кіреберісі, инженерлік желілер тікелей тұрғандардың ортақ мүлігіне жатады. Сол себептен тұрғындар қосымша қаражат жинап, өздерінің инженерлік желілерін, кіреберісін, шатырын өз күшімен жөндеуі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.