{metadescription}
Ақтөбе облысында дауылдан келген шығын есептелініп жатыр
Ақтөбе облысында дауылдан келген шығын есептелініп жатыр

Ақтөбе облысында дауылдан келген шығын есептелініп жатыр

Ақтөбе облысында дүлей дауылдан келген шығын көлемі есептеліп жатыр. Табиғыттың тосын мінезінен Ойыл ауданындағы Көсембай ауылында елуден аса шаңырақтың шатырын жел ұшырып кеткен.

Көсембай жұрты «бұрын-соңды мұндай дауылды көрмедік» деп отыр. Үйлердің шатырын жұлып, көкке көтеріп әкеткен. Елді мекендегі балабақша мен ауыл клубының төбесі де зақымданыпты. 16 шаңырақтың жаздық сарайы мен қора-қопсысы да қирап қалған. Тіпті көшедегі тоғыз электр бағанасын құлатқан. Дүлей дауылдан кейін комиссия құрылып, бағалаушылар әр үйдің шығынын есептеген. Бірақ Ойылдың әкімдігі нақты қанша шығын келгенін айтпай отыр. Тек бүлінген жерлерді жөндеуге бюджеттен қаржы қарастырылады деп қысқа қайырды.

Жазылбек Әбиев, Қайыңды ауыл округінің әкімі:

Бағалаушы жоба «НС» компаниясы келтірілген шығын көлемін анықтап жатыр. Қайыңды ауыл округі аппараты жанындағы өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жұмылдырып, ауыл ішін тазартып, әлеуметтік нысандардың ауласын және құлаған талдарды шығарып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.