{metadescription}
Қарағанды: Көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бүлдіршін аман қалды
Қарағанды: Көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бүлдіршін аман қалды

Қарағанды: Көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бүлдіршін аман қалды

Қарағандыда екі жастағы бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Аяғы сынып, басынан зақым алған бүлдіршіннің «жағдайы ауыр» дейді дәрігерлер.

Руслан Хаутиев, нейрохирург:

 Қазір баланың жағдайы орташа ауыр. Оны әлі тексеріп жатырмыз. Бас сүйегі зақымдалған, миы шайқалған. Сонымен қатар аяғы сынған.

Қайта бала құлап түскен жері қатты болмаған шөпті жерге құлаған. Сәби ата-анасымен Астанадан қонаққа келген екен. Үлкендердің көзін ала бере, жақтауға шыққан. Сосын шыбын-шіркейге қарсы қойылған терезедегі торға сүйенемін деп, екінші қабаттан құлапты. Мұндай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін көпқабатты үйлердің терезесіне темір тор орнату керек дейді құтқарушылар. Себебі жыл басынан бері өңірде 21 бала терезеден құлап кеткен. Оның төртеуі көз жұмыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.