{metadescription}
Атырау облысы: Қырылған балықты құтқаруға әскерилер жұмылдырылды
Атырау облысы: Қырылған балықты құтқаруға әскерилер жұмылдырылды

Атырау облысы: Қырылған балықты құтқаруға әскерилер жұмылдырылды

Атырау облысында қырылып жатқан балықты құтқаруға әскерилер жұмылдырылды. Бұған дейін тасқынға қарсы тұрған сарбаздар енді каналдарда қалып қойған су маржандарын аман алып қалуға ат салысып жатыр. Еңбек жасағы, балық шараушылығымен айналысатын кәсіпорындардың да барлығы шалшықтардан шабақ аулап жүр.

Тасқыннан кейін ондаған шақырымға жайылып кеткен өзендердің суы кері қайтқан. Каналдардың да су тартылып, қайраңда қалған балықтар қырылып жатыр. Бір айдан бері құтқарумен жүрген еріктілер мен балық қорғау инспекциясы үлгермей, облыс басшылары әскерилер мен еңбек жасағын жұмылдыруды ұйғарды. Аймақтағы 90 каналда ахуал осындай. Шабақтар шығыны өте көп. Құтқарылған миллиондаған балықтарды Жайық пен Қиғаш өзендеріне жіберіп жатыр.

Нұрлан Жантоқов, Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану-реттеу басқармасының басшысы:

Қазір көп жұмыс атқарып жатырмыз. Соколок каналының бойындағы судың бөлінуі, соның арасында қалған балықтарды құтқару басталды. Сарбазқостық, 20-ның үстінде балық шаруашылығы кооперативі бар соларды бөліп қосып жатырмыз. 120-ның үстінде жұмыс жасап жатыр. Екіншісі «Жылы канал» деп аталады, онда да жұмыс жүріп жатыр, Ұлттық Ұлан сарбаздарын қостық. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде