{metadescription}
Қарақұрт көбейген: Павлодар облысы Баянауыл ауданында төтенше жағдай жарияланды
Қарақұрт көбейген: Павлодар облысы Баянауыл ауданында төтенше жағдай жарияланды

Қарақұрт көбейген: Павлодар облысы Баянауыл ауданында төтенше жағдай жарияланды

Павлодар облысы Баянауыл ауданында қарақұрт көбеюіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Торайғыр ауыл округі мен Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қауіпті зиянкестің ошағына айналған. Қарақұрт Торайғыр көлі жағасының үш шақырымға жуық жерін басты, дейді мамандар. Улы өрмекшіден зардап шеккендер тіркелмеген. Бірақ зиянкестердің көптігі ауылдағы ағайын мен демалушыларға айтарлықтай қауіп төндіруде.

Әкімдіктің мәліметінше аса улы жәндікті жоюға аудандық резервтен қаржы бөлініп, химиялық өңдеу жасайтын мердігер анықталып жатыр. Бүгінге дейін ұлттық парк қызметкерлері қарақұртты қолмен терген. Бірақ одан нәтиже болмапты. Жүз гектар жерді басқан өрмекшілердің жұмыртқасын әрбір үшінші тастың астынан байқауға болады, дейді мамандар. Жыл сайын мыңдаған турист қабылдайтын көрікті өлкеге биыл да демалушылар ағылып жатыр. Бірақ оларға еш қауіп төніп тұрған жоқ, дейді Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің басшысы.

Айдар Жүсіпов, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры:

Туристерге қауіп жоқ. Демалушылармен түсіндірме жүргізілуде. Ауданда қарақұрттың бар екені туралы ескерту тақталарын да орнаттық. Өңдеуден кейін химиялық препарат жаңбыр суымен көлге түсіп, судағы микроорганимздерге қауіп төндіруі мүмкін.Сондықтан біз мердігер жүргізетін биологиялық зерттеудің қорытындысын күтеміз. Содан кейін ғана өңдеуге кірісеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде