{metadescription}
Елімізде дәстүрлі «Үздік педагог» байқауы басталды
Елімізде дәстүрлі «Үздік педагог» байқауы басталды

Елімізде дәстүрлі «Үздік педагог» байқауы басталды

Елімізде дәстүрлі «Үздік педагог» байқауы басталды. Биыл білім сайысының жеңімпаздарына 3 жарым миллион теңгеден аса көлемде сыйақы беріліп, арнайы төсбелгі табысталмақ. Жалпы байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатыса алады.

Саина Қайырбек, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Орта білім комитетінің бас сарапшысы:

Үш кезеңнен тұрады. 1 кезең – ауданда, қалада, 2 кезең – облыста, 3 кезең – республикалық. 1 және 2 кезеңнен өтіп, ең жоғары ұпай алған ұстаздар республикалық кезеңге қатыса алады. Конкурстың барлық кезеңі uzdikustaz-nobd порталында жүргізіледі және конкурс ережелері әділет заң порталында орналастырылған.

«Үздік педагог» республикалық байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бас жүлдеге кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар ұстаздар үміткер бола алады балабақша, мектеп пен колледж мұғалімдері.

Байқау аясында қатысушылардың білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен кәсіби шеберлігі ескеріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.