{metadescription}
Көшпенділер ойындарында жамбы атудан үздіктер анықталды
Көшпенділер ойындарында жамбы атудан үздіктер анықталды

Көшпенділер ойындарында жамбы атудан үздіктер анықталды

V дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жамбы атудан ел намысын қорғайтын үздіктер анықталды. Қатарында Азия мен әлем чемпионаты жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Ұлттық құрама сапындағы үздік төрттікті Олимпиадалық даярлау орталығы жасақтады.

Еліміздің үздік 10 жамбы атушысы іріктеуде байрақты додаға тікелей жолдама беретін үш орынды сарапқа салды. Әр өңірден келген мергендер «Мажар», «Азия», «Түркі», «Жамбы» стилі бойынша бақ сынаған.

Жалпы есептің қорытындысы бойынша түркістандық Айтбек Сарыбай мен Ералхан Айкөз және алматылық Абзал Тұлыбеков іріктеуден іркілмей өтіп жолдамаға қол жеткізді. Ал Батыр Бексауыт Қытайда өткен әлем чемпионатында топ жарып, көшпенділер ойындарына тікелей жолдама алған. Қазір спортшылар Алатау бөктерінде оқу-жаттығу жиынында шеберліктерін шыңдап жүр.

Айтбек Сарыбай, Жамбы атудан ұлттық құрама мүшесі, әлем чемпионы:

Көшпенділер ойынындағы басты мақсатымыз сол. Ұлттық спорт олимпиадасы деуге келеді. Барымызды салып, әлем чемпионатынан да қиын боп тұрған сияқты, бүкіл елдің назары осында. Қазақ елінің жамбы атудағы шыңын қою ол өте жоғары. Енді соған жетсек деген арман бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.