{metadescription}
Алдағы үш күнде күн райы құбылмалы болады
Алдағы үш күнде күн райы құбылмалы болады

Алдағы үш күнде күн райы құбылмалы болады

Алдағы үш күнде ауа райы солтүстік атлантикалық циклонға байланысты құбылмалы болады. Еліміздің көп бөлігінде найзағай ойнап, қатты жел тұрып, соңы жаңбыр мен бұршаққа ұласады деп болжайды синоптиктер.

Жауын-шашын мен желдің күшеюі ертеңнен бастап әсіресе солтүстік-батыс пен солтүстікте күтіліп отыр. Ал оңтүстік пен шығыс аймақтарда күн 35-38 градусқа дейін ысиды. Еліміздің қалған аумағында сынап бағаны 18-26-дан 22-33 градусқа дейін ауытқитын болады деп отыр мамандар.

«Казгидромет» дәнді дақылдарды жинаудың агрометеорология жағдайларына өз болжамын жасады. Алдын ала есептеулерге сәйкес, егін жұмыстары тек қыркүйектің бірінші онкүндігінде қолайлы болмақ.

Қамар Сәлиева, "Қазгидромет" РМҚ агрометеорология болжауы басқармасының басшысы

Республиканың солтүстігінде егін жинау үшін нашар жағдайлардың болуы әбден мүмкін. Тамыздың екінші жартысында күтілетін жауын-шашын мен желдің 15-20 м/с дейін жоғарылауы егіс алқаптарының жатып қалып, құлауына әкелуі мүмкін. Бұл оны жинауды қиындатады және егіннің ішінара жоғалуына әкелуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде