{metadescription}
Алматы: Табиғат тазалығына әскерилер де үлес қосты
Алматы: Табиғат тазалығына әскерилер де үлес қосты

Алматы: Табиғат тазалығына әскерилер де үлес қосты

Табиғаттың тазалығына әскерилер де үлес қосты. Алматыда «Таза Қазақстан» экологиялық науқанына Мемлекеттік күзет қызметінің сарбаздары атсалысты. Іле Алатауы ұлттық паркінде ұйымдастырылған сенбілікке 120 жауынгер келген.

Табиғаты көз тартатын Аюсай шатқалына демалуға барған туристердің кейбірі бұл жолы да қоқысын жинамай кетіпті. Әсіресе аумақта шашылып жатқан пластик ыдыстар мен майлықтар көп. Бір топ әскерилер сол қоқыстарды жинады.

Айта кетейік, республикалық науқанның соңғы аптасы өзен мен көлді қоқыстан тазартуға арналған. Әскери қызметкерлер мұндай сенбілікті халық арасында экология мәдениетін қалыптастыруға маңызды, дейді.

Евгений Пивень, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің әскери күзетшісі:

 «Таза Қазақстан» ақциясы қоршаған ортаны қорғау, экологияны жақсарту және елдің табиғи ресурстарын сақтау мақсатында. Президент бастамасымен ұйымдастырылған ауқымды шара. Бастама, әрине, әр қазақстандықтың, әр адамның табиғатты қорғауға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде