{metadescription}
Қазақстандықтар онлайн-кредитке тыйым салу петицияcын жариялады
Қазақстандықтар онлайн-кредитке тыйым салу петицияcын жариялады

Қазақстандықтар онлайн-кредитке тыйым салу петицияcын жариялады

Қарызға онлайн кіруге қарсы. Қазақстандықтар енді онлайн кредитке тыйым салуды талап етіп, петиция жариялады. «Оңай әрі жылдам алынатын несиенің кесірінен елде қарызға белшесінен батқандар көп» - дейді петиция авторлары.

Соңғы уақытта интернет арқылы несие рәсімдеуге сұраныс артқан. Дегенмен пайызы жоғары және шарты көрсетілмеген онлайн несиенің зардабын көбі бастапқыда түсіне бермейді. Соның салдарынан кредитін жаңа кредит алып жауып жатқандар көбейіпті. Өзгенің атынан онлайн несие рәсімдейтін алаяқтар да аз емес. Енді бірі жақындарына айтпастан қарызға белшесінен батқан. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін онлайн несиеге түбегейлі тыйым салу керек дейді петиция авторлары. Әзірге бұл бастамаға қол қойғандар аз. Дегенмен 50 мың қол жиналса, Үкімет петицияны қарауға міндетті. Құжат 6 қыркүйекке дейін көпшіліктің талқылауына шығарылған.

Нұржан Жақыпов, петиция авторы:

Көп адамдар онлайн-несиенің кесірінен зардап шегіп жатыр. Оған себеп – қаржылық сауатсыздық. Біз цифрландыруға және қаржы қызметін көрсетуге қарсы емеспіз. Дегенмен қаржы қауіпсіздігінің де болғанын қалаймыз. Бұл петицияны мемлекеттік сарапшылар кездесіп, өз пікірі мен ұсынысымен бөлісуі үшін жасадық. Петиция қажет дауыс санын жинайды деп сенемін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде