{metadescription}
Тасқын: Қыс түспей, барлығы жаңа үйге кіреді
Тасқын: Қыс түспей, барлығы жаңа үйге кіреді

Тасқын: Қыс түспей, барлығы жаңа үйге кіреді

«Ешкім баспанасыз қалмайды». Өнеркәсіп және құрылыс министрі тасқын салдарынан зардап шегіп далада қалған азаматтар қыс түспей жаңа үйге кіреді деп уәде берді. Ведомство басшысы мәселені аяғына дейін жеткізу үшін еңбек демалысынан да бас тартқан.

Қанат Шарлапаевтың айтуынша, қазір Батыс Қазақстан облысында – 775, Ақмола облысында – 331, Ақтөбе облысында – 504, ал Атырау облысында 100 үй салынып жатыр.

Құрылыстың 80 пайызы 1қыркүйекке дейін аяқталады деп сеніммен айтты министр. Ал қалған нысандар бойынша жұмыс әлі екі-үш аптаға дейін созылуы мүмкін. Дегенмен ведомство басшысы тұрғындар айдың соңына дейін үймен толық қамтылуы тиіс деп отыр.

Қазірдің өзінде Батыс Қазақстан облысындағы Бөрілі мен Сырым аудандарында үй құрылысы түгел аяқталған. Осы айда Қостанай облысының тұрғындарына жаңа үй беріледі. Ал Ақмола облысында құрылыс 20 қыркүйекке дейін аяқталуға тиіс. Шарлапаевтің сөзінше, әзірге тек Ақтөбе облысындағы ауылдарда қиындықтар бар.

Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

Себебі ауыл өте алыс. Аудан орталығынан тағы 90 км бару керек. Жаңа орында ауыл тұрғызып жатырмыз. Ауылдың жағдайын жақсы білеміз. Мен өзім барып келдім, бірнеше рет болдым. Қазір ауылда 63 үй тұрғызылып жатыр. Көбінің қабырғасы көтерілген, төбесі жабылды. Менің ойымша, қысқа дейін үлгереміз. Ешкім, осы ауылдың тұрғындары баспанасыз қалмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде