Елімізде бірқатар азық-түлік арзандады
Қазақстанда жеті түрлі азық-түлік бағасы арзандады. Әлеуметтік маңызы бар бұл тауарлардың тізімін сауда министрлігі жариялап отыр.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
13.08.2024
Аталған ведомство көкөніс, қара құмық жармасы басқа да азық түлікті өткен жылғы тамыз айының бағасымен салыстыра келе, «азық-түлік арзандады» деп отыр. Сауда министрлігінің есебі бойынша, күнбағыс майының құны 150 теңгеге төмендепті. Қарақұмық жармасы — 100, ал сәбіз, пияз, қырыққабат сияқты маусымдық көкөніс 50 теңгеге арзандаған. Қант пен ұнның құны да сәл түскен. Тек макоронның бағасы сол қалпы деген қорытындыға келіпті министрлік.
Әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасы:
2023 2024
Күнбағыс майы 781 теңге/л 626 тенге/л
Қарақұмыс жармасы 338 теңге/кг 222 тенге/кг
Пияз 177 теңге/кг 129 тенге/кг
Қырыққабат 159 теңге/кг 124теңге/кг
Сәбіз 198 теңге/кг 188теңге/кг
Қант 434 теңге/кг 415теңге/кг
Ұн 232 теңге/кг 228теңге/кг
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!