{metadescription}
«700 млн ұрланған». Балқаш ЖЭО-ның экс‑директоры мен есепшісі сотталды
«700 млн ұрланған». Балқаш ЖЭО-ның экс‑директоры мен есепшісі сотталды

«700 млн ұрланған». Балқаш ЖЭО-ның экс‑директоры мен есепшісі сотталды

Балқашқа жылу беретін компанияның бұрынғы директоры мен есепшісі сотталды. Олар қаланы жылумен қамтуға бөлінген бюджет қаражатының 700 миллион теңгесін қолды қылған.

Қомақты қаражат 2020- 2023 жылдары ұрланыпты. Жылу электр орталығы мен желілерді жөндеуге және орталық жұмысын үздіксіз қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатына қол салынған. Яғни іс жүзінде қандай да бір азаматтық-құқықтық мәміле жасалмаған жалған кәсіпорындардың шотына негізсіз аудару арқылы ақша жымқырылған. Сотталушылар қолды болған қомақты қаржыға жылжымайтын мүліктер алып, оны жалға беріп қосымша табыс тауып отырған.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

Ұрланған қаражаттың жалпы сомасы 708 млн теңге. Оны пайдаланып, кіріс алу үшін жылжымайтын мүлікпен мәміле жасаған. Кінәлі адамдарды сот 5,5 жыл және 5 жыл бас бостандығынан айырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде