Ресейдегі утильалымның қымбаттауы бізге әсер ете ме?
Ресейде утильалымның қымбаттауы Қазақстанның автонарығына қалай әсер етеді? Бұл сұраққа бүгін өнеркәсіп министрі жауап берді.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
13.08.2024
Ресейдегі өзгерістер Қазақстандағы көлік бағасына айтарлықтай әсер етпейді деп санайды Қанат Шарлапаев. Дегенмен ескі-құсқы көліктер көбеюі мүмкін. Егер көрші мемлекеттен ескі көліктер әкелінсе, экологияға да, жол қауіпсіздігіне де кері әсер етері сөзсіз дейді министр. 1 қазаннан бастап Ресейде утильалымды 80 пайызға дейін көтергелі жатқанын жергілікті ақпарат құралдары жазған болатын.
Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
— Бізде әзірге қымбаттату мәселесі талқыланып жатқан жоқ. Ал Ресей утильалымды алып тастамақ түгілі, оның құнын көтеріп жатыр. Қырғызстан да автонарығын осылай қорғамақ. Қазақстан утильалым мен алғашқы тіркеу мөлшері бойынша көрші елдерден тіпті қалып қойды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!