{metadescription}
Ақтөбеде жедел жәрдем түн ортасында құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған
Ақтөбеде жедел жәрдем түн ортасында құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған

Ақтөбеде жедел жәрдем түн ортасында құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған

Ақтөбеде ауруханаға науқасты апара жатқан жедел жәрдем көлігі батпаққа батып қалды. Адам жанына араша боламыз деген ақ халаттылар түн жарымында құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған.

Қала іргесіндегі Өлке ауылының тұрғыны аяғы жансызданып шұғыл жедел жәрдем шақыртқан. Реанимобиль уақытылы жеткенімен, елді мекеннен қайтар жолда балшыққа батып қалған. Дәрігерлер мен ауыл тұрғындары әуелі көлікті батпақтан өздері итеріп шығармақшы болады. Бұл әрекетінен түк шықпаған соң, 112 құтқару қызметіне хабарласқан. Өрт сөндіру көлігімен келген төтеншеліктер жедел жәрдемді балшықтан сүйреп шығарып, науқас екі жарым сағат дегенде ауруханаға жеткізілген. 39 жастағы науқастың жағдайы қазір жақсы, емделіп жатыр дейді дәрігерлер. 

Іңкәр Қарашаева, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының бас маманы:

Ақтөбе медицина орталығына жеткізілді. Неврологтар қарады. Компьютер томографиясы жасалды. Инсульт деген диагноз шешілді. Бірақ «дірілдеп-қалшылдау синдромы» дейді, қазір сол диагноз бойынша емделіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде