Гидравлика сынағы Қарағандының бір бөлігін көлге айналдырды
Қарағандыда коммуналдық мекеме қызметкерлері қала тұрғындарын әбігерге салды. Құбырларға гидравлика сынағын жүргізген компания қаланың бір бөлігін көлге айналдырды. Себебі: қысымға шыдамаған құбырлар жарылып, тұрғын үйлердің терезесі мен көліктерді талқандаған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
13.08.2024
Құбырдан атқылаған судың биіктігі он қабатты үйден асып кетті. Гидравлика сынағын жүргізген аумақтағы жайылған су аулалар мен жолдарды басып қалған. Жылу маусымына дайындық жүретіні жайлы алдын-ала ескертіліпті. Бірақ тұрғындар бұлай боларын білмедік дейді. Өйткені қатты қысымнан ұшқан тастар пәтер терезелерін шағып, көліктерді зақымдаған. Енді олар шығынды өтеу үшін сотқа шағымдануы керек.
Нұрлан Рақымбеков, «Теплотранзит Карағанды» ЖШС бас инженері:
— Қазір ол жерде су сорылып, жан-жағы қоршалды. Жоспарға сай жұмыс жүргізіледі. Тұрғындардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Гидравлика сынағы кезінде тұрғындар сақ болуы қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!