Өнім шығарып отырған, өндіріс қуаты бар отандық кәсіпорындар мемлекеттен қолдау алады
Отандық өнім бірінші кезекте! Үкімет отырысында кез келген салада алдымен Қазақстанда жасалған өнімді пайдалану қажеттігі тағы айтылды. Президент үш жыл ішінде жер қойнауын пайдаланушы компаниялардан бастап, квазимемлекеттік және мемлекеттік сектордың сатып алу саласындағы жергілікті өнімдер мен қызмет үлесін 60 пайызға жеткізуді тапсырған болатын.
Автор: Мерей Қалиасқар
13.08.2024
Бүгінде бірқатар елдер, оның ішінде экономикасы қарқынды дамыған мемлекеттер ішкі нарықты қолдау және қорғау саясатын белсенді жүргізіп келеді. Халықаралық валюта қорының есебінше, мұндай қорғау шараларының жартысына жуығы Қытай, Еуроодақ және АҚШ экономикасына тиесілі. Олар импорт тауарлардың үлесін төмендете отырып, өз өндірушілерін қолдау шараларын кеңінен қолдануда. Бұл ретте Қазақстан да экономиканы нығайтуға, оның ішінде отандық өндірісті қолдай отырып дамытуға ниетті. Мәселен, бұл бағыттағы жаңа тетіктердің бірі – отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі енгізілуде. Оған өнім шығарып отырған, өндіріс қуаты жетерлік нақты кәсіпорындар ғана енгізіліп, мемлекет тарапынан қолдау алады.
Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:
— Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанады. Біз қашан да өзіміздің отандық өндірушілерді қолдаймыз. Бұл әр әкімнің, әр министрдің міндеті. Біз бұл жайлы үнемі айтып жүреміз. Ол тек сөз жүзінде ғана емес, нақты іс жүзінде орындалуға тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!