{metadescription}
Ақтөбеде құрылыс алаңдарынан трансформатор ұрлап сатқандар ұсталды 
Ақтөбеде құрылыс алаңдарынан трансформатор ұрлап сатқандар ұсталды 

Ақтөбеде құрылыс алаңдарынан трансформатор ұрлап сатқандар ұсталды 

Ақтөбедегі құрылыс алаңдарынан трансформатор ұрлаған екі күдікті ұсталды. Ақмола облысының тұрғындары қымбат құрылғыларды көрші елге сатпақшы болған.

Ұрылар Ақтөбеде салынып жатқан құрылыс нысандарын біраз аралап жүрген. Сосын қондыруға дайындап қойған трансформаторларды жүк тиейтін арнайы көлікпен алып кетіп отырған. Тоғыз трансформаторды басып алып, Қарағанды қаласына жол тартқан. Сол жақтан құрылғыларды Қырғызстанға сатып жіберген. Тәртіп сақшылары ұрланған трансформаторларды көрші елге апара жатқан жүк көлігінен тәркіледі. Қазір қос ұры қамауда отыр.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Ұрланған заттарды Қарағандыға жеткізіп, көрші елдің азаматтарына сатқан. Тоғыз трансформатор тиелген жүк көлігін жедел қызметкерлер Қырғыз Республикасымен шекаралас жерде тоқтатты. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.