Қазақстанға 1 триллион теңгеден асатын активтер қайтарылған
Қайтқан малда қайыр бар. Қазақстанға 1 триллион теңгеден асатын активтер кері қайтарылған. Бұл әзірге соңғы екі жарым жылдағы нәтиже.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
14.08.2024
Данияр Биғайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
— Жыл басынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтеді. Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополия тарапынан 1.09 трлн теңге қайтарылды.
Антикор тізген мүліктердің ішінде Алматыдағы құны 7 млрд 900 миллион теңгеден асатын Kaisar Tower бизнес орталығы, елордада құны 5 млрд теңгеден асатын үш зәулім сарай бар. «Бұл жылжымайтын мүлік нысандары мемлекет меншігіне берілді» - дейді агенттік өкілдері.
Шет мемлекеттер: Австрия, Франция, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия мен Ресейден Қазақстанға жылжымайтын мүліктермен қатар, ақша, бағалы қағаздар және зергер бұйымы түріндегі активтер де қайтарылған. Мемлекет меншігіне өткен дүниенің ішінде қылмыстық іс бойынша, Қостанай облысындағы құны 5 трлн 600 миллиард теңгеден асатын никель мен кобалтьтың ірі қоры «Шевченковское» кен орны да бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!