{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртауда кеншілермен кездесіп, жұмысшылардың жағдайын сұрады
Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртауда кеншілермен кездесіп, жұмысшылардың жағдайын сұрады

Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртауда кеншілермен кездесіп, жұмысшылардың жағдайын сұрады

Президент жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Кеншілер қаласы Қасым-Жомарт Тоқаевтың келуіне қатты дайындалған сияқты. Жолдарға жаңа асфальт төсеп, тіпті көше бойын гүлмен көмкерген. Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен Теміртауға ат басын бұрды. Мұнда кеншілермен кездесіп, жер астында жұмыс істеп жатқан жұмысшылардың жағдайын сұрады.

Президент кеншілердің қауіпсіздігіне қатысты қолға алған шараларды пысықтады. Оның ішінде Саран шахтасын көпшілік апатты деп көп айтатын. Сондықтан ең алдымен 620 метр тереңдікте жұмыс істеп жатқандармен байланысқа шықты. Енді әрбір кеншінің жарық шамына арнайы қондырғы орнатылған. Сол арқылы ауа мен метанның мөлшерін біліп отырады.

Ал метталлургиялық комбинатта «Қарметтің» басшылары жөндеу жұмысы, миллиардтаған ақшаға бағаланған жобалары мен ауқымды жоспарларын айтып берді. Соның бірі  өндірісті табиғи газға ауыстыру. Қасым-Жомарт Тоқаев қоршаған ортаға тигізер залалды азайтуды тапсырған болатын.

Одан бөлек әлеуметтік мәселелерді түбегейлі шешуді бұйырды. Қарағандыға барған сапарында мемлекет басшысы тұрмыстық техника, доңғалақ шығаратын зауыттарды аралап көрді.

Жаз басында ашылған оқушылар сарайының жұмысымен де танысты. Нұра ауданындағы Шахтер ауылына да барып қайтты. Мұнда спорт кешенін аралап, жөндеуден өткен мәдениет үйінде үрмелі аспаптар оркестерінің мүшелерімен, ауыл тұрғындарымен жүздесті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.