{metadescription}
Қазақстан Олимпиада жүлдегерлеріне көп ақша төлейтін "жомарт елдердің" бестігіне кірді
Қазақстан Олимпиада жүлдегерлеріне көп ақша төлейтін "жомарт елдердің" бестігіне кірді

Қазақстан Олимпиада жүлдегерлеріне көп ақша төлейтін "жомарт елдердің" бестігіне кірді

Қазақстан олимпиадашыларға ең көп ақша төлейтін "жомарт елдердің" бестігіне кірді. Сыйақсы жоғары елдер спортшыларына медальдар мен бренд смартфондардан бөлек, қаржылай қомақты сыйлықтар, тіпті баспана кілтіне дейін табыстаған.

Олимпиада жүлдегерлеріне мемлекет төлемі:

Гонконг 768 000 $

Сингапур 745 000 $

Индонезия 300 000 $

Израиль 271 000 $

Қазақстан 250 000 $

Алтын медальға төлемде Гонконг көш басында. Ол елде спортшыларға бас жүлдеге 768 мың доллар уәде етілген. Биыл Гонконгтің екі спортшысы алтын алды.

Сингапур да өз олимпиадашыларына жомарттық танытып, алтын медальға 745 мың доллар тағайындапты. Бірақ Париж Олимпиадасынан ешбір спортшысы алтын алмаған.

Ал бұған дейін Токио Олимпиадасында 746 мың доллар төлеген Индонезия бұл жолы бонустарын 300 мың долларға дейін азайтқан. Десе де мұның өзінде олар алтын үшін көп төлеуші мемлекеттер қатарында қалып отыр.

Төртінші орынға 271 мың доллармен Израиль тұрақтады.

Олимпиада жүлдегерлеріне тұрақты әрі қомақты төлемнің арқасында Қазақстан бұл тізімде 5 орынға жайғасты. Еліміз бұл жолғы байрақты бәсекеде де өз чемпиондарына 250 мың доллар ұсынған. Бұл сомамен Қазақстан ТМД елдері арасында көш бастап тұр.

Айта кетейік, төртжылдықтың басты додасында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 3 қоламен жалпы есепте 43-орынға тұрақтады. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай қолдаудан бөлек, ел азаматтары спорт саңлақтарына пәтер және көлік кілтін табыстап, ат мінгізіп, ерекше құрмет көрсетуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.