Оқу жылы: Студенттерді тасымалдайтын қосымша вагондар іске қосылады
Оқу жылы қарсаңында студенттерді тасымалдауға арналған қосымша вагондар іске қосылады. Бұл жұмысты көлік министрлігі "Жолаушылар тасымалы" Акционерлік қоғамымен бірлесіп жүргізбек.
Автор: Мерей Қалиасқар
14.08.2024
Қосымша теміржол бағыттары, әсіресе сұранысы жоғары батыс өңірлеріне арналады. Себебі: дәл осы аймақтың тұрғындары жаңа оқу маусымы жақындағанда билет таппай қиналады. Жоспар бойынша, пойыздар бірнеше күн ішінде Ақтау және Атырау қалаларынан шығып, студенттерді Алматы қаласына дейін тасымалдайды. Егер орын тапшылығы шешілмей жатса, жауапты ведомство қосымша вагондарды шығаруға дайын. Билетті теміржол вокзалынан және онлайн сатып алуға болады.
Ләззат Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі:
— Атырау - Алматының арасына төрт күн қатынайды, 16, 18, 20, 22. Ал Ақтау - Алматы 360 орындық, 21-і шығады да, 23-і күні Алматыға жетеді. Жолға шығатын пойыздар кондиционерсіз, яғни желдетусіз болады. Себебі жаңа келген, кондиционері бар пойыздар басқа бағыттарға қатынап жатыр. Алдын ала студенттерден осындай бір қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Әрине, студенттерге жіберілетін пойыздар Тальго сияқты қымбат болмайды. 6 немесе 7 мың теңге.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!