{metadescription}
Шымкент көшелерін күл-қоқыс басты
Шымкент көшелерін күл-қоқыс басты

Шымкент көшелерін күл-қоқыс басты

Шымкент көшелерін күл-қоқыс басты. Тұрмыстық қалдықтар дер кезінде тазаланбай, жол бойында үйіліп жатыр. Аптап ыстықта жағымсыз иіс тарап, тұншығып жатырмыз дейді тұрғындар.

Манас Бақбаев:

Бір-екі апталап қоқыс жата береді. Алмайды, ақшасын төлеп жатырмыз. Иісі жаман, қатты шығады, әркім түрлі қоқыс өлексе тастайды, анау-мнау тастайды. Беті жабық болса мақұл ғой, желмен шашырайды.

Жеке сектордағы қоқыстың тазаланбағанына он шақты күн болған. Көшеде шашылған тұрмыстық қалдықтан аяқ алып жүру мүмкін емес. Ал тазалыққа жауапты компания тарифті жиі көтереді екен. Мысалы, былтыр әр отбасы қоқыс шығарғаны үшін мың теңге төлесе, қазір ай сайынғы төлем 1800 теңгеге өскен.

Шымкентте тұрмыстық қалдықты қоқыс полигонына таситын 10 компания жұмыс істейді. Олар күніне 700 тоннаға дейін қоқыс шығарады. Мердігер мен тұрғындар жеке келісімшарт жасайтындықтан, қоқыс тасымалдайтын компанияларға «құзіретіміз жүрмейді» дейді жергілікті әкімдік.

Мейіржан Әжідин, Абай ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы:

  Негізі келісіммен төрт қапшықпен алты қапшық арасында, бірақ жазда әр үй қарбыз жейді. Қоқыс көп шыққан соң, 7-8 қапшық. Бір қоқыс шығарушы көлік 10 көшеден толатын болса, жазда бес көшеден толып қалып жатыр. Содан кейін кестемен үлгермей жатыр, мердігер машиналар. Одан бөлек газ мәселесі де бар. Газ тапшылығы болғаннан кейін кезекте тұрып қалады, уақыт алады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде