{metadescription}
Алматыда телефон алаяқтарының ордасы әшкереленді
Алматыда телефон алаяқтарының ордасы әшкереленді

Алматыда телефон алаяқтарының ордасы әшкереленді

Пәтерді барлық қажет құралмен жарақтап алып, жұрттың қалтасын қағумен айналысқан. Алматының қақ ортасында тәртіп сақшылары осындай "телефон алаяқтарының" ордасын әшкереледі. Тәркіленген құрал-жабдықтардың атауынан тіл сынады. Олар жеке пәтерді тұтастай автоматты телефон станциясына айналдырған.

30 жастағы күдікті пәтерде түрлі интернет қызметі мен мессенджерлерді жасырын пайдаланған. Арнайы құрылғы арқылы әлеуметтік желілерде түрлі акаунтты тіркейді. Оған қоса алаяқтарға басқа елдің жалған нөмірі арқылы қазақстандықтарға қоңырау шалуға көмектескен. Полицейлер SIM-картаға арналған 512 слоты бар SIM-box жабдығы мен 2000-ға жуық SIM-карта тәркіледі. Ұсталған азамат жабдықты орнату мен қосу және слоттардағы SIM-карталарды ауыстырып отыруға өз еркімен келіскенін айтты. Ол үшін күніне криптовалюта арқылы 100 доллар жалақы алып отырған.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

ҚР ҚК 213-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, дәйекті заттар тәркіленді. Бұл азаматқа жұмыс берушіні міндетті түрде анықтай боламыз. Алаяқтық деректері дәлелденсе, ҚР ҚК 190-бабының нормаларына сәйкес жеті жылдан аса бас бостандығынан айыру мерзімі көзделеді. Ал осы техникалық құрылғыны пайдалану дерегі бойынша үш жылдан аса бас бостандығынан айырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.