{metadescription}
Алматыда ағаш сақтайтын ірі қойма өртенді
Алматыда ағаш сақтайтын ірі қойма өртенді

Алматыда ағаш сақтайтын ірі қойма өртенді

Алматыда ағаш сақтайтын ірі қойма отқа оранды. Дер кезінде өшірілген жалын үлкен аумаққа таралып үлгермеді. Зардап шеккендер де жоқ.

Құрылысқа қажет ағаш сақталатын Алатау ауданындағы қоймада өрт түнгі сағат он шамасында тұтаныпты. Өрт сөндіруге 8 техника мен 38 адам жұмылдырылды. Ағаш лезде лаулап жанып, өрт көршілес орналасқан ғимараттың шатырын да шарпыған. Дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер айналасы жарты сағатта отты сөндірді. Ал өрттің себебі анықталып жатыр.

Мақсат Теміржан, Алатау ауданы ТЖБ бас маманы:

Дереу жеткен мамандар өрттің екі қабатты ағаш кептіретін арнайы жәшіктен шыққанын анықтады. Қызыл жалынның жалпы аумағы 80 шаршы метр. Адам шығыны жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде