{metadescription}
«Жүрегімнің жеңімпазы»: Kaspi.kz трансплантологияға қажет құрылғыға демеуші болды
«Жүрегімнің жеңімпазы»: Kaspi.kz трансплантологияға қажет құрылғыға демеуші болды

«Жүрегімнің жеңімпазы»: Kaspi.kz трансплантологияға қажет құрылғыға демеуші болды

Астанада «Жүрегімнің жеңімпазы» атты қайырымдылық марафоны өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын шараға биыл да еліміздің әр өңірінен төрт мыңнан аса адам қатысқан. Мақсаты — Қазақстанға трансплантология мен ағза алмастырудың маңызын түсіндіру. Қайырымдылық шарасынан отандық ірі технологиялық Kaspi.kz компаниясы шет қалмады. Ол ағзаларды тасымалдауға көмектесетін су жаңа құрылғыға демеушілік жасады.

Биыл 12-ші рет ұйымдастырылып отырған қайырымдылық шараға қатысушылардың қарасы қалың. Барлығы таң атысымен EXPO іскерлік кешенінің аумағында жиналды. Арасында кәсіби спортшылардан бөлек, дәрігерлер, науқастар мен донорлар бар. Kaspi.kz компаниясының қызметкерлері де бағын сынауға келген. Өйткені дәл осы ірі инновациялық компанияның қолдауымен ғалымдар жаңа Alem құрылғысын жасап шығарған. Жаңа техника ағзаны бір тәуліктен астам денеден тыс ұстауға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушы Heart Center Foundation қоғамдық қоры бұл марафонды «жаңа өмірге қадам» деп атады. 12 жыл ішінде Юрий Пяның жетекшілігімен дәрігерлер 97 жүрек трансплантациясын жүзеге асырған.

Юрий Пя, кардиохирург

 Бұл шара арқылы бір адамға донор табылса, соның өзі үлкен жетістік. Алғашында фестивальді веложарыс форматында өткіздік. Кейін бәрі велосипедпен жүре алмайтынын ұғып, осындай жүгіру форматында ұйымдастырғанды жөн көрдік.

Қайырымдылық шарасына ерлі-зайыпты отбасылар да қатысқан. Арман Боздаев бүйрек трансплатациясына кезекте тұр. Уақыт аз болғандықтан, арнайы шот ашып, ота жасатуға шетелге аттанбақ. Жары қолдан келгенше қолдау көрсетіп, жарыста үш шақырымға дейін жүгірді.

Арман және Жұлдыз Боздаевтар:

 Бүгінгі жарысқа әйеліммен келдім. Маған жүгіруге болмайды, әйелім жүгіреді. Мен мұнда жұртпен танысып, түрлі эмоцияға бөлендім. Әрине, менің де жүгіргім келеді, саяхатқа шыққым келеді. Бірақ әзірге ол мүмкін емес.

Қайырымдылық жарыстың тағы бір қатысушысы Есен Вайленов бес жылдан бері бүйрек ауыстыру кезегінде тұр.

Есен Вайленов:

 Диагнозым сылтау емес. Бұл жарысқа екінші жыл қатысып келемін.Он шақырымды бағындырдым. Мүгедектігім тек қағаз жүзіндегі анықтама. Ал гемодиализ тек процедура. Керісінше, осындай шаралар арқылы адамдар үмітін үзбеуі керек.

Қатысушылар үш қашықтықта бағын сынады. Бірі үш, он шақырымға жүгіріп жарысса, екіншісі бір шақырымда бағын сынап көрді. Тәжірибесі жоққа бір шақырым жүгіру мүмкіндігін енгіздік дейді ұйымдастырушылар.

Павел Тенцер, шараның амбассадоры:

 Елдегі трансплантация мәселесіне халықты тарту үшін сол жағалаудың орталық көшелерімен төрт мың адам жүгіріп жүр. Өйткені бізде осындай керемет кардиохирургия орталықтары, осындай керемет мамандар, орган ауыстыруды қажет ететін көп адам бар.

Қазақстандық ірі инновациялық Kaspi.kz компаниясының қызметкерлері де кәсіпқой спортшылардан қалыс қалмады. Олар үш және он шақырымда бағын сынап, қайырымдылық акцияға қолдау білдірді.

Диас Жұмашов:

 Kaspi.kz арқасында, Kaspi.kz спортты дамытуының арқасында. 2018 жылдан бері қатысып келемін. Былтыр Алматы марафонына қатыстым. Биыл, міне, «Жүрегімнің жеңімпазы» шарсына қатысып жатырмыз. Өте жақсы!

Сергей Семенов:

Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Үздік нәтижеге емес, өзіміз үшін жүгірдік. Ауа райы да керемет! Жарысқа қатысушылардың эмоциясы да мықты!

Орынбасар Сарсенбаев:

Жүгірумен қатар, бәрін бірге алып жүру де қызықты. Денсаулыққа да пайдалы. Болашақта осындай пайдасы, мол іс-шара көбейе берсе, оған біз тек қуанамыз.

Жарыс соңында қатысушылардың бәріне арнайы медальдар мен сый-сыяпат берілді. Ұйымдастырушылар келесі фестивальді де естен кетпестей етіп өткізуге уәде берді. Өйткені қатысушылардың әрқайсысысы өз жүрегінің жеңімпазы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде